«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 761 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1567 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде - үш ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы (бұдан әрі - Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жауап.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.