(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2010.26.02 № 90 БҰЙРЫҒЫ

Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығы

(2013.30.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2013.04.06. № 371 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2013.04.06. № 371 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013.30.09. № 581 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары:

1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.

3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (С.К.Көкебаев) ішкі істер органдарының байланыс арналары бойынша көлік құралдары мен жүргізушілер куәлігіне ақпарат және мәліметтер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С.Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.