«Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 517 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жыл 23 сәуірде № 8434 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 198-199 (27472-27473) «Казакстанская правда» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларында:
мына мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі.»;
3-тармақ мына редакцияда жазылсын: