«Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 336 Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер» кәсіби стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын.
3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төрағаның міндетін атқарушы |
Ж. Жарқынбаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жыл 30 желтоқсан
Статистика агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2013 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 336 бұйрығымен бекітілді
«Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер»
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер» кәсіби стандарты (бұдан әрі - Кәсіби стандарт) еңбек біліктілік деңгейі, құзіреттілігі, мазмұны, сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды және