ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 678 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген
«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 10 (он ) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 10 (он) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жерасты сулары объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.