«Жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын, бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 678 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 26 ақпандағы

№ 153 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын, бұрғылау
және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын, бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 10 (он) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын, бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы келісу.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.