Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 26/2-V шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 16 тамызда № 101 «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 14 тамызда № 100 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.