«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 229 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 70 бұйрығына мына өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Қайырбекова |
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 96 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтарын қорғау
жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы
| Надежда Михайловна Петухова | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы (келісім бойынша);
|
| Ерік Әбенұлы Байжүнісов | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымының орынбасары;
|