(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2013.11.12 № 168 ШЕШІМІ

2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 шешімі

 

Осы редакция 2014 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8- бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 111 765 854 мың теңге,

оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша 35 736 951 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 483 041 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 75 545 862 мың теңге;

2) шығындар - 111 425 174 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 4 405 679 мың теңге,

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 4 606 292 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 200 613 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын

операциялар бойынша сальдо - 3 500 мың теңге,

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 3 500 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 4 068 499 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын

қаржыландыру - 4 068 499 мың теңге.

2. 2014 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 18 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 18 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;

2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына - 18 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 18 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.