Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 70 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі іс-шараларды - орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Жол картасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігі
Жауапты хатшысының
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 70 бұйрығына қосымша
«Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған
Жол картасы