2014-2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 184 шешімі
Осы редакция 2014 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2014 - 2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 35 551 416 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер - 20 474 832 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 196 311 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер - 160 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 14 720 273 мың теңге;
2) шығындар - 38 826 490 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 22 224 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 22 224 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен
операциялар бойынша сальдо - 200 000 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 200 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 497 298 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану) - 3 497 298 мың теңге,
оның ішінде:
қарыздар түсімі - 3 497 298 мың теңге.
қарыздарды қайтару - 0 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын: