Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент синдикатталған қарыз шарты негізінде кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы бойынша жеке талаптарды мәлімдейді.
Егер сыйақы (мүдде) және залалдар бойынша осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген талап сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге өзгерсе, онда кредитор сот осындай шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерісті ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
Оңалту туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындамайтын талаптары да, егер осындай міндеттемелер бойынша орындау мерзімі басталса, мәлімделуі мүмкін.
2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде мүліктік массада кепіл мүлкі болған кезде екінші кезекке енгізілетін талабын қоспағанда, кредитордың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптары тізілімінің алтыншы кезегіне енгізіледі. Мұндай кредиторлар бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
4. Кредиторлардың талаптарын уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы олар мәлімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Қарау нәтижелері бойынша танылған талаптар кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуге жатады.
Кредиторлардың бұрын сотқа өздері мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне осы Заңның 90-бабының 7-тармағында көзделген талаптар енгізілмейді.
5. Кредиторлардың оңалту рәсiміне қатысуына байланысты шығыстары орнын толтыруға жатпайды.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талапты толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау себептерін көрсете отырып танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша әкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
Уақытша әкімшінің шешімімен келіспеген кезде кредитор уақытша әкімшінің хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту туралы істі қарайтын сотта оған шағым жасауға құқылы.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Уақытша әкімші соттың оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіден кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізіледі.
8. Кредитор кредиторлар талаптарының тізілімі жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағым жасауға құқылы.
73-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру графигі қамтылуға тиіс.
Оңалту жоспарының үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Табиғи монополиялар субъектілері болып саналатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің оңалту жоспары - тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, қала құраушы заңды тұлғалардың оңалту жоспары - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органымен, ал шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың оңалту жоспары мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісіледі.
Ұсынылған оңалту жоспарын осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісетін мемлекеттік органдар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен және оңалтуды басқарушымен бірлесіп әзірлеуге тиіс.
Әзірленген оңалту жоспары бір кезектегі кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың тең шарттарын көздеуге тиіс.
Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор оңалту рәсіміне қатысушылардың бірі болса, оңалту жоспарында берешекті бекітілген график ішінде тең үлестермен өтеу көзделуге тиіс.
3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу жолымен мүлікті сатуды, қаржы лизингін, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, факторингті, реверсивті факторингті, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
Борышкердің мүлкін сату кезінде электрондық аукционды өткізу тәртібі мен оны ұйымдастырушы осы Заңның 99-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен айқындалады.
Осы Заңның мақсаттары үшін қаржы лизингі деп өзіне қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкер, лизинг беруші және лизинг нысанасын сатушы арасында жасалған үшжақты шарт түсініледі, мұнда лизинг беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және шартта келісілген лизинг нысанасын борышкерге белгілі бір төлемақыға және белгілі бір шарттарда кемінде үш жыл мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер оңалту жоспарында ақша көзі ретінде қарыздар (микрокредиттер) алу қамтылса, оңалту жоспарына қарыз (микрокредит) алуға шарт қоса беріледі.
6. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысы мақұлдағаннан кейін осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті.
10. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары ұсынылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Сот:
1) егер оңалту жоспарына қарсы дауыс берген кредитор сотқа оңалту жоспарында іске асырылуы осындай кредитордың талаптарын банкроттық рәсімін қолдануға қарағанда аз көлемде қанағаттандыруға алып келетін іс-шаралардың қамтылғандығы жөнінде негіздеме ұсынған;
2) осы Заңның 26-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.
11-1. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымында:
1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп ұсыну мерзімдері туралы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) борышкерді басқару құқығының оңалтуды басқарушыға өтуі туралы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) борышкердің оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - оңалтуды басқарушыға құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
Кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті оңалтуды басқарушыға осы Заңның 69-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен жүктеген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігі 3) және 4) тармақшаларының ережелері қолданылады.
74-бап. Борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруі
Оңалту жоспарында борышкердің талап ету құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін электрондық аукционда сату арқылы осы талаптарды басқаға беруі көзделуі мүмкін.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 75-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша әкімші кредиторлар талаптарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін оңалту туралы істің сотта қаралу кезеңінде өткізеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Кредиторлардың алғашқы жиналысының құзыретіне:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер - дара кәсіпкерге не борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылдау;
2) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген жағдайларда оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу мөлшерін айқындау;
4) борышкер - дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
5) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны жасаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануды келісу жатады.
2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және осы құрамын, кредиторлар комитетінің төрағасын бекіту;
4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
7) оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру;
8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
9) өзге де мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатын мәмілелер санатына жатқызу;
10) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) қаржы лизингі шартын жасасуға келісім беру;
11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
13) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен өзіне жүктелген жағдайларда, оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін айқындау;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) оңалтуды басқарушы оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген жағдайда оған қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) борышкер - дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оңалтуды басқарушыдан сұратуға құқылы.
76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетiнің мүшелерi арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
2) оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;
3) уәкілетті органға және (немесе) сотқа оңалтуды басқарушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданады;
4) кредиторлардың талаптарын есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) оңалтуды басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;
5) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;
6) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тәртібін айқындайды;
8) оңалту рәсімін жүргізу үшін әкімшілік шығыстардың сметасын және тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді;
9) оңалтуды басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;
10) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен келісімін бекітеді;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылды
10-1) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаны шеттету мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-2) осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша оңалту рәсімін тоқтату мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-3) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау қажеттігі туралы шешім қабылдайды;
11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 77-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-бап. Борышкердің міндеттемелері бойынша есеп айырысу
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап орындалу мерзімі оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде басталған мынадай:
1) моральдық зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі, сондай-ақ жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу жөніндегі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жөніндегі, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу жөніндегі;
3) мәмілелерден, оның ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлға жасасқан мәмілелерден туындаған;
4) соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін борышкер салықтық есептілікке сәйкес есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер борышкердің орындауына жатады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлардың оңалту рәсімі қолданылғанға дейін туындаған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарын қанағаттандыру, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигіне сәйкес жүргізіледі.
Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигі осы Заңның 100-бабының 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында және 101-бабының 1-тармағында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып жасалады.
Өткен салықтық кезеңдер және соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезең үшін салық төлеуші салық есептілігінде есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне және оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Борышкер орындалу мерзімі оңалту рәсімі кезеңінде басталған міндеттемелерді оңалту жоспарына сәйкес орындайды, ал оларды орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда борышкер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кепілді кредитор:
1) өзінің заңды мүдделеріне қатер төндіретін, осы Заңды бұзушылықтар анықталған;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осындай кредитордың талаптарын қанағаттандыру графигі бұзылған;
3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құны өз мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғатындай төмендеген;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкердің қызметін жалғастыру немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылар сотқа осындай жүгіну туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент борышкердің синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сәйкес санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс.
Дара кәсіпкер - борышкерді оңалту жоспарында санация қамтылмайды.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдай алады. Бұл жағдайда, борышкерді басқаруды санацияға қатысушы немесе ол тағайындаған тұлға оңалтуды басқарушы үшін көзделген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар санацияға қатысушыға қолданылмайды.
3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан оның осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындауы мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдаған екi және одан да көп тұлға қатысса, олар кредиторлар алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлу, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауаптылық, борышкерді басқаруға қатысу тәртiбi көзделетiн келiсiм жасасуға тиiс.
80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы, егер еңсерілмейтін күштiң әсері немесе кредиторлардың не борышкердің, борышкер мүлкi меншік иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның) әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, борышкер таратылғаннан кейiн оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
Егер келiсiмде өзгеше көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан кезде, олар ортақ жауаптылықта болады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесін өзіне қабылдамаған санацияға қатысушының жауаптылығы кредиторлар комитетi бекiткен, қатысушының оңалтуды басқарушымен келiсiмімен айқындалады.
81-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санация мақсатына қол жеткізілуіне байланысты оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемені өзіне қабылдаған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің негізінде өзі инвестициялаған қаражат сомасында шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мүліктің меншік иесі уәкілеттік берген мемлекеттік орган шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады. Егер борышкер өндірістік кооператив болып табылса, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы құқығына ие болады.