(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

49-бап. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық қызметінің органына банк кепілдігі шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі.

Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

2. Банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс. Банк кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

3. Салық қызметінің органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) салық төлеушімен келісілген, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың және (немесе) өсiмпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

50-бап. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін мүлікті кепілге алу арқылы өзгерту тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық қызметі органына кепіл шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепіл шарты және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.

Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

2. Салық қызметінің органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) салық төлеушімен келісілген, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың және (немесе) өсiмпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

 

51-бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі

1. Мүліктік кепіл шарты салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органы арасында жасалады.

Бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күніне дейінгі күнтізбелік он бес күннен бұрын жасалмауға тиіс.

2. Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:

1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

тыйым салынған мүлік;

мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;

үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;

мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды;

3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайда салық төлеуші кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етеді және салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық қызметінің органына кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу табыс етеді.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі

1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті, салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына табыс етеді. Өтінішке:

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау графигі;

кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растау қоса беріледі.

Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларының қалған бөлігін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті табыс етуге құқылы.

2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, егер жиынтығында мұндай сомалар:

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;

орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 153000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;

ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300000 еселенген мөлшерінен кем болмаса, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сай келетін салық төлеушілерге:

салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың 1-тармағында көзделген өтініш беру күніне дейінгі кезең бес жылдан аз болса;

салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылғы түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен болса, қолданылмайды.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде табыс етілген кезде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалады.

4. Егер салық төлеуші (салық агенті) өзіне қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтінішті беру мерзімін өткізіп алса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына өтініш және қолдаухат табыс етуге құқылы.

Осы тармақтың ережелері ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:

осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын;

осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.

5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

6. Салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің:

1) салық төлеушімен келісілген, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

7. Салық қызметі органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын осындай шешім қолданылатын мерзім ішінде бекітілген графикке сәйкес ай сайын тең үлестермен төлеуді жүргізуге міндетті.

8. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

9. Салық төлеуші (салық агенті) осы тараудың ережелерін сақтамаған және (немесе) шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

 

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 51-2-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі

1. Осы баптың ережелерін қайта құрылымдалатын ұйым сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес осындай ұйым кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асырған салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығына қолданады.

Осы баптың мақсаттары үшін, екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қайта құрылымдалатын ұйым деп бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін салық төлеуші түсініледі:

1) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын резидент заңды тұлға болып табылады;

2) осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

3) сот осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдаған күні, банктерді қоспағанда, бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін ұйым болып табылады.

2. Осы Кодексте белгіленген салық төлеу мерзімін қайта құрылымдау жоспарында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың анағұрлым кеш, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 142-бабында белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап он жылдан аспайтын мерзімге ауыстыру қайта құрылымдалатын ұйымның корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту деп танылады.

Бұл ретте корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жүргізіледі.

Қайта құрылымдалатын ұйымның осы баптың ережелерін бір реттен көп қолдануына жол берілмейді.

3. Қайта құрылымдалатын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету мерзімінен кешіктірмей, орналасқан жері бойынша салық органына осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгергені туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.

Қайта құрылымдалатын ұйым хабарламамен бір мезгілде мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарының нотариат куәландырған көшірмесін;

2) сот растаған қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін;

3) сот растаған қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы соттың заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесін табыс етеді.

4. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осындай салықты уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар есептелмей, сондай-ақ салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі кепілге алынбай және (немесе) банк кепілдігінсіз жүргізіледі.

5. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеуші осы баптың ережелерін сақтамаған кезде жүргізілмейді.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

52-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы онда белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:

1) салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;

2) салық төлеуші салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда;

3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде мұндай салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық қызметі органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

 

53-бап. Кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі

1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүліктік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау графигі бұзылған жағдайда салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігінің орындалуын талап етеді.

2. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін өткізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.

 

54-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы

1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:

1) қайтыс болғанда;

2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.

2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәрпіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.

3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:

1) таратылғаннан кейін;

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

 

 

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

 

3-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

55-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

1. Қазақстан Республикасында мынадай:

1) салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

әлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

ойын бизнесі салығы;

тіркелген салық;

бірыңғай жер салығы;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

мемлекеттік баж;

алымдар;

тіркеу алымдары;

автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

аукционнан алынатын алым;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;

мыналар:

жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

қоршаған ортаға эмиссия үшін;

жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

орманды пайдаланғаны үшін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)