(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

3. Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары осы бөлімнің мақсатында осы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.

 

86-бап. Өткізуден түсетін табыс

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 111-бабының 2-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткізуден түсетiн табыс болып табылады.

Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.

2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:

1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

3) роялти;

4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Құн өсімінен түсетін табыс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;

2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;

3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:

бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде - тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;

бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде - бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.

2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:

1) жер учаскелерi;

2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;

3) орнатылмаған жабдық;

4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

5) бағалы қағаздар;

6) қатысу үлесi;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) инвестициялық алтын;

7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;

8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, құны толығымен шегерiмге жатқызылған активтер;

9) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк сала объектілеріне жатқызылған мүлiк жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбір актив бойынша өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбір актив бойынша заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбір актив бойынша беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мыналардан:

осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);

осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);

салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);

амортизациялық аударымдардан басқа, егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтық құны болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны нөлге тең деп танылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны деп мұндай активтердің шығып қалған күнгі қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны танылады.

5. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесi бойынша:

1) өткізу кезiнде - өткiзiлу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған бағалы қағаз, қатысу үлесі құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің бастапқы құны арасындағы оң айырма;

3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбір бағалы қағаз, қатысу үлесi бойынша құн өсiмi болып танылады.

6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:

1) өткізу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, өткiзiлу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;

3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсiмi болып танылады.

7. Қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiнiң құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған iс жүзіндегі шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесiнiң бастапқы құны болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ іс жүзінде енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар осы Кодекстің 137-бабының 2, 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жиынтық жылдық табысқа қосылады.

9. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтер бойынша құн өсiмi әрбір актив бойынша:

1) өткізу кезiнде - өткізу құны мөлшерiнде;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мөлшерiнде;

3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мөлшерiнде айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы баптың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын арттыруға жататын шығындарды ескере отырып осы активтердің өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады.

 

88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:

1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;

2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:

осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есептен шығарылған;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда тарату балансын бекiткен күнi төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.

3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетін табыс

1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.

Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:

1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;

4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.

 

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:

1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);

2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;

3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;

4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында және 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.

2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.

3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.

4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.

Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:

Т * (А/Б), мұнда:

Т - есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;

А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

Б - шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.

 

2009.13.02. № 135-ІV ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс

2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде 1-тармақ аталған Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады, көрсетілген тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін 2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңның 7-бабының редакциясында қолданылады

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.

2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 59-бабына сәйкес 1-1-тармақпен толықтырылды

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;

4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 59-бабына сәйкес (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мынадай жағдайларда:

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;

2) борышкер заңды тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайларда, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;

3) осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;