осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнын,
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына көбейту
осындай салық төлеушінің активті толық пайдаланған жылының санына көбейту керек.
Бұл ретте амортизацияны есептеу сомасы активті сатып алу сомасынан аспауға тиіс.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 11-2-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта бағалауды және осындай күнге құнсыздануды есепке алмай айқындалған, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны 2012 жылғы 1 қаңтарда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының тіркелген активтерінің бастапқы құны болып табылады.
12. Табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған І топтың тіркелген активтері табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін мұндай тіркелген активтерді пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде тіркелген активтердің І тобының құндық балансына осы Кодекстің 122-бабына сәйкес мұндай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, шығып қалу құны бойынша енгізілуге жатады.
13. Преференцияларының күші жойылған активтер осы Кодекстің 125-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады.
14. Преференциялар объектісі осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден басқа, осы Кодекстің 125-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.
119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, тіркелген активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату, сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру осындай активтердің шығып қалуы болып табылады.
Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
3. Тіркелген активтерді, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша оларды тауар-материалдық қорлардың құрамына ауыстырусыз өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.
Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтер объектілері бойынша анықталмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы өткізу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:
1) І топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;
2) ІІ, ІІІ, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.
7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша анықталған құнға азайтылады.
8. Тіркелген активтерді жоғалту, жою, бүлдіру, ысырап ету кезінде:
1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында - кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде - тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.
9. Лизинг алушы қаржы лизингінің затын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасына азайтылған, қаржы лизингінің затын сатып алу құны мен лизинг затын алған күннен бастап қайтару күніне дейін кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.
10. Тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құндық балансы:
1) І топ бойынша - тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.
11. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:
1) І топ бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:
топтың барлық активтерін беру кезінде - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасына;
қалған жағдайларда - осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалған, берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алынып, есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін есептеледі.
12. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталған құнға азайтылады.
13. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендентке тіркелген активтерді беру кезінде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталған құнға азайтылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша - шығып қалу көрсетілмейді;
2) І топтың өзге тіркелген активтері бойынша - тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
Осы тармақтың мақсатында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:
мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;
күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;
есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер.
120-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен анықталады:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
2-1. Осы Кодекстiң 117-бабының 10-тармағында көрсетiлген топтардың (кiшi топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында топтардың (кiшi топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгiленген амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады.
3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 123-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 116-122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе
преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 123-125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.
121-бап. Тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер
1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кіші топтың (І топ бойынша) тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін кіші топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.
Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) барлық тіркелген активтерін өтеусіз берген кезде тиісті кіші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Салық төлеуші кіші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген және салық кезеңiнiң соңғы күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
122-бап. Келесі шығыстар шегерімі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Келесі шығыстар деп осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтерді пайдалану, жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 3 және 6-тармақтарында көрсетілгендерін сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнын осы Кодекстiң 87-бабының 4-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесi шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Мынадай активтерге:
1) тіркелген активтерге және (немесе)
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мыналарда:
осы тармақтың 1) тармақшасында;
коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiнгi кезеңде - осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;
осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетiлген активтердi қоспағанда, қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негiзгi құралдарға, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Осы бапта өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 125-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:
1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;
2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.
Осы Кодекстің 118-бабының 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе осы Кодекстің 123-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
6. Осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап шеккен келесi шығыстардың бухгалтерлiк есепте мұндай активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесi шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңiнде танылады.
§ 4. Инвестициялық салық преференциялары
123-бап. Инвестициялық салық преференциялары
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.
Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;
2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;
3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлетiн активтер болып табылмаса, преференция объектiлерiне жатқызылады.
3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;
2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;
3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;
4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.