2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 42) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
42) осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардың шегінде оқытылатын тұлғаның тұруына іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқуды, біліктілігін арттыруды немесе қайта даярлауды аяқтағаннан кейін қайтар жолына арналған жолақыға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
дербес білім беру ұйымының мыналардың шегінде:
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде - қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінде;
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде - қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінде жеке тұлғаға төлеуге белгілеген ақша сомасы.
Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған, осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау мақсатында алған өтеусіз көмек есебінен және соның шегінде жүзеге асырылса, осы тармақшаның ережелері қолданылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстарды салық салудан босату мұндай босатуды қолдану үшін негіздер болатын салық кезеңдері үшін беріледі.
Салық төлеуші (салық агенті) табыс төлеу күнінен бұрын түзету қолдану үшін негіз туындаған күні растау құжаттарын табыс еткен жағдайда, осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген түзетулерді мұндай түзетулерді қолдану үшін негіз болатын салық кезеңіндегі табысқа қолдануға құқылы.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:
жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға берген өтінішінің;
растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 157-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.
1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады:
2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
Заңды тұлға өз шешімімен оның құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.
Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енеді.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсананнан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.
4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу мерзімдері осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен мазмұн 161-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердiң салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Бұл ретте, осы бапта белгiленген тәртiппен салық агенттерi деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаты үшiн әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылады.
Салықты төлеу салық агентiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерде жүргiзiледi.
2. Салық агентi жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi осы Кодекстiң 161, 163-167-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
3. Салық агентi жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 162-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.
162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті салық төлеу орны бойынша салық органдарына есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен мазмұн 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
2-1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық агенттерi бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.
163-бап. Қызметкердің табысы
1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;
2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;
3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары қызметкерлердің жұмыс беруші есепке жазған, салық салынуға жататын табыстары болып табылады.
3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;
6) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 164-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы
Қызметкердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы табысы мыналар болып табылады:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Қызметкер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң қызметкерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 165-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы
Қызметкердiң салық салынуға жататын материалдық пайда түріндегі табысы:
1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде - жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
3) қызметкермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде - жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде - қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.
1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшеріндегі, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;
5) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;
6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.
Салық кезеңi iшiнде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық шегерімі жүргізілмейді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1), 3) - 6) тармақшаларына сәйкес салық шегерімі құқығы салық төлеушіге өзі берген өтініштің негізінде, жұмыс берушілердің біреуінен ғана алатын табыстары бойынша беріледі.
5. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында белгіленген салық шегерімі құқығы тиісті құжаттар:
1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;
сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжат;
3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерімінің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы, жиынтығында күнтiзбелiк бір жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе, салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.
3) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
167-бап. Салықты есептеу және ұстау
Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысына жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.
§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:
жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;
берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
борышты кешіру;
мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;
репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.
2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:
1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;
3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;
4) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
169-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 170-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 170-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
170-бап. Зейнетақы төлемдері
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;