2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап қолданылмайды.
3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң банк шоттарында және кассасында салық берешегiн өтеу үшiн ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органы салық берешегiн өтеу үшiн осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндiрiп алуды қолдану арқылы салық берешегiнiң сомасын өндiрiп алады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолданғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бір мезгiлде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мәжбүрлеп өндiрiп алу шарасын қолданады.
6. Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегінің сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банк шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомаларын өндіріп алуы жүргізілетін сол банк шотын көрсетуді қамтиды.
Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды түрде жібереді. Инкассалық өкім электронды түрде жіберілген кезде, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) теңгемен жүргізілетін банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу салық төлеушінің (салық агентінің) шетел валютасымен жүргізілетін банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкімдері негізінде жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.
8. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, клиентке бірнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуіне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу шотына клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.
616-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу
1. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) берешегі бар үшінші бір тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
2. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеуші (салық агенті) он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге міндетті.
Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.
Дебиторлар тізімі осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етілмеген жағдайда салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.
3. Ұсынылған дебиторлар тізімінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алуы туралы хабарлама жібереді.
Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлама жіберуші салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін табыс етуге міндетті.
Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.
4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісі және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін ұсынбайды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеген жағдайда дебиторлар тізімі немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісі ұсынылмайды.
6. Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;
2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;
4) дебитордың салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;
5) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелері, мөрі және қойылған қолдары;
6) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.
Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.
8. Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 617-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алу
Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 618-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
618-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізу тәртібі
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
2. Банкрот деп танылған салық төлеушіні (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салық қызметі органдары салық берешегі туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген:
дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi;
заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 150 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi салық берешегi бар салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 622-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары жүргізеді.
87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ
623-бап. Жалпы ережелер
1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі - осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:
1) барлық активтерiнiң баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мониторинг жүргiзуге жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесi бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң кемiнде 325 000 еселенген мөлшерiн құрайтын;
2) қызметкерлерiнiң саны кемiнде 250 адамды құрайтын iрi салық төлеушiлер мониторинг жүргiзiлуге жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп және (немесе) аталған келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратын сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторингіне жатқызылады және осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан, iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгзiледi.
Осы баптың мақсатында:
1) осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңіндегі корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация деректерi негiзiнде айқындалады;
2) активтердiң баланстық құны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептілік деректерi негiзiнде айқындалады;
3) қызметкерлердiң саны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың бірiншi тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларациялардың деректерi негiзiнде айқындалады.
Осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, осы тармақта белгiленген шарттарға сәйкес келетiн iрi салық төлеушiлердiң iшiнен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз iрi салық төлеушi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі
1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 19-1-бабына сәйкес 624-бабының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)