«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 991 бұйрығы

«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 991 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінің № 6856 мемлекеттік тіркеуінде тіркелген, № 154-155 (26557) 2011 жылғы 19 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:

1) ұшу сағаты - ұшақтың ұшып көтерілу мақсатында қозғалу сәтінен бастап оның ұшу аяқталғаннан кейін тоқтаған сәтіне дейінгі жалпы уақыт.

2) ұшу сағатының өзіндік құны - рейстер құнын есептеу кезінде құрамдас бөлігі болып табылатын ауыспалы шығыстармен қатар әуе кемелерін пайдаланудың орындылығын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Синтетикалық көрсеткіштегі сияқты ұшу сағатының өзіндік құнында өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрсетіледі: материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану дәрежесі.

3) лизингтік төлемдер - есептік кезеңдегі қаржылық лизинг шарты бойынша жалдау ақысының сомасы.»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.