Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № НҚ-23/11250 Хаты

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № НҚ-23/11250 Хаты

 

Облыстар, Астана және Алматы қалалары

 бойынша Салық департаменттері

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ СК) 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылға салық есептілігі нысандары (бұдан әрі - СЕН) және оларды жасау қағидалары бекітілгенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы мемлекет Басшысының 2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында жасалған, 2012 жылдың 7-мамырындағы ҚР Премьер Министрінің орынбасары бекіткен, ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылдың 1 ақпанындағы № 22-ө өкімін орындау мақсатында жасалған іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) 2.1 тармағына сәйкес, салық есептілігі нысандарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Салық есептілігін қысқарту туралы

Аталған Жоспар аясында ҚР ҚМ СК 2013 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын СЕН қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді, қысқарту жою, кейбір нысандарды бір нысанға біріктіру, кейбір нысандардың қосымшалар санын қысқарту арқылы жүргізілді.

Келесі СЕН шығарып тасталған:

11) жалға (пайдалануға) беру шарттарының тізілімі (871.00-нысан);

12) есепті (есептеу) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта заттай түрде белгіленген, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа ренталық салықтың, роялти мен өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу мерзімдері (551.00-нысан);

13) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кітабы (010.01-нысан);

14) қосымша шот-фактура бойынша өткізу кітабы (011.01-нысан);

15) экспорттық валюталық бақылау (012.01-нысан);

16) тауарды, жұмысты, қызметтерді өткізу кітабы (020.01-нысан);

17) қосымша шот-фактура бойынша сатып алу кітабы (021.01-нысан);

18) импорттық валюталық бақылау (022.01-нысан);

19) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кітабы (010.02-нысан);

20) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кітабы (020.02-нысан).

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.