Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;