«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 181-V Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 18,110-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2014 жыл - 1 480 000 000 мың теңге;».

2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы наурыздың 31-і.

№ 181-V