«Көтерме және бөлшек сауда» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 386 бұйрығы (күші жойылды)

«Көтерме және бөлшек сауда» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 386 бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 381-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-5-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Көтерме және бөлшек сауда» кәсіби стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 «Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Министрі

Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің

2013 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 386 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Көтерме және бөлшек сауда»
кәсіби стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Көтерме және бөлшек сауда» Кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС) «Көтерме және бөлшек сауда» кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіптік білім беру саласының өзара іс-қимылын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге арналған талаптарды регламенттеуге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.