«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 Бұйрығы

«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама;»;

16) тармақша алынып тасталсын;

37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен салық төлеушіні алып тастағанын растайтын құжат;»;

мынадай мазмұндағы 38), 39), 40), 41), 42) және 43 тармақшалармен толықтырылсын:

«38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияларды электрондық түрде қабылдау туралы анықтама;

39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес салық қызметі органының салық есептілігін электрондық түрде қабылдап алғаны туралы хабарлама;

40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарлама;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.