«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 20 наурыздағы

№ 253 қаулысымен

бекітілген

 

 

«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде - 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 20 (жиырма) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 (алпыс) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификат.

Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды болады.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.