ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 253 қаулысымен
бекітілген
«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті штат кестесі бойынша психиатр-дәрігер көзделген медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасына көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағат;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің етілген ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 2 (екі) сағаттан аспайды;
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - психиатр-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес психоневрологиялық диспансердің берген анықтамасы.