17. Уəкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерек-қорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) тексеру жүргізу үшін мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
4) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) тексерудің нысанасына жататын техникалық байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- жəне бейне-аппаратуралардың жазбаларын пайдалануға құқығы бар.
Уəкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тəртіп негізінде жəне оған қатаң сəйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін мемлекеттік органның белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
4) тексеру жүргізу кезінде тексерілетін мемлекеттік органның не оның уəкілетті өкілінің қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына жататын мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) тексерілетін мемлекеттік органдарға тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) тексеру нəтижелері туралы қорытындыны тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей табыс етуге;
7) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде орындауға міндетті.
Уəкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін (сəйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
Уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштер жасауға тыйым салынады.
18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) егер құжаттар мен мəліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша жəне (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уəкілетті органның ведомствосына немесе аумақтық органына жүгінуге;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тексеру нəтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ уəкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уəкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ уəкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген əрекеттерін оның қызметіне кедергі жасамай, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
19. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уəкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уəкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшір мелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні жəне аяқталған күні жүргізілген тексерудің нəтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уəкілетті адамының тексерудің белгіленген мерзімдерінде тексерілетін мемлекеттік орган тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 20-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20. Егер жоспардан тыс тексеру жүргізу нəтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу (орындамау) фактісі анықталса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уəкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының осы Заңның 38-1-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жеке жəне заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтауын тексеру жөніндегі қызметі өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды - орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінің, мекемелерінің аумағында - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау процесінде бақыланады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның ведомствосының басшысы;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - уəкілетті орган ведомствосының лауазымды адамы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органының басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органы басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық органының лауазымды адамы жатады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау және тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижесінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру аяқталған күні бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзіледi.
5. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау жəне қадағалау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі объектілерде, кәсіби өртке қарсы қызметте, сондай-ақ биіктігі 50 метр және одан жоғары объектілерде өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге тыйым салынады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша, егер объектіні пайдалану (қызмет, жұмыс) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірсе, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеру жүргізуді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын түрлері осы бапта көзделген əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары қолданылмайды.
3. Жедел ден қою шаралары бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін, жұмыстарды немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерін орындауын тоқтата тұруды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні ресімдейді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 5 жəне 8-тармақтарына сəйкес актілер шығарады.
12. Бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағымды беру өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларының осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - бақылау және қадағалау органы) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарының тәуелсіздігі, объективтілігі, бейтараптығы, анықтығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекет бақылау және қадағалау органының есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен бақылау және қадағалау органының өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында бақылау және қадағалау органы жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күніне қатысады.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғыларда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың жұмыскерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған.
Қызметіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері (бұдан әрі - бақылау және қадағалау субъектісі) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде болатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі (бұдан әрі - бақылау және қадағалау объектісі) болып табылады.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мыналарға:
1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына;
2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;
3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне;