4) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға;
7) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы басшысының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамы;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газ тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалануын мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамы жатады.
7. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды бақылау және қадағалау органы осы Заңға сәйкес тексеру және аварияларды тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады.
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау осы Заңға сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін рұқсаттық бақылау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жедел ықпал ету шаралары
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша қолданылатын адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатерді болғызбау мақсатында бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) ықпал ету тәсілдері жедел ықпал ету шаралары болып табылады.
Жедел ықпал ету шараларын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор (бұдан әрі - бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды немесе техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін осы бапта көзделген тәртіппен тоқтата тұру не оларға тыйым салу түрінде қолданады.
2. Осы Заңның 12-2-бабының 2-1) тармақшасында көзделген тізбеде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын (бұдан әрі - жедел ықпал ету шараларының талаптары) бұзу жедел ықпал ету шараларын қолдануға негіз болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт рәсімдейді, оны бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етеді, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде қауіпті өндірістік объектіні, қауіпті техникалық құрылғыны немесе техникалық құрылғыны пломбалауды жүргізеді.
Пломбаны бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бұзушылық жойылған не пломбаны алмай бұзушылықты жою мүмкін болмаған жағдайда алады.
Пломбаны алуды бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіде тіркеп-белгілейді.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) жедел ықпал ету шарасының түрі;
2) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
3) бақылау және қадағалау органының атауы;
4) актіні ресімдеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы, оның басшысының, бақылау және қадағалау субъектісінің актіні рәсімдеу кезінде қатысқан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ оның лауазымы;
6) жедел ықпал ету шарасын қолданудың негізі;
7) жедел ықпал ету шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда);
8) пломбалау туралы мәліметтер (күні мен уақыты, қауіпті өндірістік объектінің, қауіпті техникалық құрылғының немесе техникалық құрылғының атауы);
9) бақылау және қадағалау органының актіні ресімдеген лауазымды адамының қолы;
10) актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілетті адамының қолы және күні);
11) пломбаның алынғаны туралы мәліметтер (алынған күні мен уақыты, себептері, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы мен бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе оның уәкілетті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы).
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт мынадай тәсілдердің бірімен табыс етіледі:
1) қолма-қол - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіде оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберу.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіге жедел ықпал ету шараларының нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-білгілеу аспаптарының, фото- және бейне аппаратураның жазбалары бар болған кезде қоса беріледі.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартқан жағдайда оған актіні алудан бас тартқаны туралы тиісті жазба енгізіледі.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту оны орындамау үшін негіз болып табылмайды.
7. Тексеруді немесе аварияларды тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада немесе аварияларды тергеп-тексеру актісінде көрсетіледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектілері жедел ықпал ету шаралары талаптарының анықталған бұзушылықтарын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада немесе аварияларды тергеп-тексеру актісінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
9. Тексеру немесе аварияларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған, жедел ықпал ету шаралары талаптарының бұзушылықтары мерзімі өткеннен кейін немесе олар мерзімінен бұрын жойылғанда осы Заңның 39-2-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тексеру немесе аварияларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған, жедел ықпал ету шаралары талаптарының бұзушылықтары мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органын жазбаша хабардар етеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актінің қолданылуы бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ықпал ету шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін тоқтатылады.
10. Жедел ықпал ету шаралары талаптарының анықталған бұзушылықтары жойылмаған кезде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша осы Заңның 39-3-бабының 12-тармағында көзделген шаралар қабылданады.
11. Жедел ықпал ету шараларын қолдануға алып келген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Әкімішілік-рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым беруге құқылы.
Шағым беру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіздер болып табылады:
1) жедел ықпал ету шараларын қолдану үшін негіздердің болмауы;
2) жедел ықпал ету шараларын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ықпал ету шараларын қолдануы;
4) осы Заңның 39-4-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында және екінші бөлігінде белгіленген талаптардың сақталмауы.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді бақылау және қадағалау органы қауіп-қатер дәрежесіне қарай бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жүргізеді.
2. Қауіп-қатер дәрежесі бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):
1) жоғары дәрежелі қауіп-қатер;
2) жоғары дәрежелі қауіп-қатерге жатқызылмағандар болып бөлінеді.
Жоғары дәрежелі қауіп-қатерге:
1) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін, өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті декларациялауға жататын қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын;
2) дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын бақылау және қадағалау субъектілері жатады.
Жоғары дәрежелі қауіп-қатерге жатқызылмағандарға:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті декларациялауға жатпайтын қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын;
2) дайындаушы зауыт белгілеген нормативтік қызмет ету мерзімін өтемеген қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын;
3) қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат негізінде қызметті жүзеге асыратын;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат негізінде қызметті жүзеге асыратын;
5) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметтің лицензияланатын түрлерін жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілері жатады.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
2) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін тексерулер;
4. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, жоғары дәрежелі қауіп-қатерге жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру жылына бір реттен жиілетпей, біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан берілген рұқсаттар бойынша жоғары дәрежелі қауіп-қатерге жатқызылмағандарды - үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы тексерулер:
жоғары дәрежелі қауіп-қатер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның басшысы бекіткен тексерулердің жылдық жоспарына сәйкес тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде;
жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылмағандар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның басшысы бекіткен үш жылға арналған тексерулер жоспарына сәйкес үш жылда бір рет жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы бекіткен үш жылға арналған тексерулер кестесіне сәйкес үш жылда бір рет кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексерулердің жоспарлары мен кестесі бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қауіп-қатер дәрежесі ескеріле отырып қалыптастырылады және олар бекітілген кезден бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тексерулердің жоспарлары мен кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және солармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда, бірақ жылына екі реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар туындаған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тексеру жоспарлары мен кестесінде:
1) жоспардың (кестенің) бекітілген күні мен нөмірі;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің атауы, оның сәйкестендіру нөмірі және заңды мекенжайы;
4) тексерілетін бақылау және қадағалау объектісінің атауы және оның орналасқан жері;
5) қауіп-қатер дәрежесі немесе рұқсат беру құжатының түрі;
6) тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің кәсіпкерлік санаты қамтылады.
6. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Жоспардан тыс тексеру бақылау және қадағалау субъектісі оның басталғаны туралы хабардар етілмей жүргізіледі.
7. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексеру жүргізуге мыналар негіздер болып табылады:
1) аварияларды тергеп-тексеру актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылау;
2) жедел ықпал ету шараларын қолдануға негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылғанын бақылау;
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды бұзушылықтар бойынша негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің не нұқсан келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талаптары;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтірудің нақты фактілері, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы.
8. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-3-бап. Тексеру жүргізу тәртібі
1. Жоспардан тыс тексеруді қоспағанда, тексеру жүргізу басталар алдында бақылау және қадағалау органы кемінде бір жұмыс күні бұрын бақылау және қадағалау субъектісін басталатын күнін көрсете отырып, тексеру жүргізілетіні туралы хабардар етуге міндетті.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексерудің басталатыны туралы хабарлама мынадай:
1) қолма-қол - тексерудің басталатыны туралы хабарламада оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тәсілмен жіберу жағдайларында тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
2. Бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған жағдайда - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
3. Бақылау және қадағалау органы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды тексеру басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын басталатын күнін көрсете отырып, тексеру жүргізудің басталатыны туралы жазбаша түрде немесе өзге де қолжетімді тәсілмен хабардар етуге міндетті.
4. Тексеруді тағайындау туралы актіде:
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары, сондай-ақ лауазымды адамдар туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
5) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі және олардың орналасқан жері;
9) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер;
11) бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің осы Заңның 39-6-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) бақылау және қадағалау органының актіге қол қоюға уәкілетті лауазымды адамының қолы және бақылау және қадағалау органының мөрі;
13) бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті өкілінің актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы көрсетіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне тексеруді тағайындау туралы актінің табыс етілген күні тексеру жүргізудің басталғаны деп есептеледі.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тағайындау туралы акт мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - тексеруді тағайындау туралы актіде оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тәсілмен жіберілсе, тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт бақылау және қадағалау органының ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Бақылау және қадағалау органының ақпараттық жүйесі болмаған кезде тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған бақылау және қадағалау органының тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.
6. Тексеруді тағайындау туралы акт қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартқан жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға және тексерудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.
7. Тексеру тағайындау туралы актіні алудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға, жабдықтарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
8. Тексеруді бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актіде аталған лауазымды адамы ғана жүргізе алады.
Бұл ретте бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының құрамы объективті себептер бойынша бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін, кейіннен бақылау және қадағалау субъектісі тексеруді тағайындау туралы актіге енгізілетін адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін тексеруді тағайындау туралы өзгертілген актімен таныстырылады.
9. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ тексеру нысанасы ескеріле отырып белгіленеді және:
1) тексеру жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен;
2) жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде - он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
10. Зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ жұмыстың едәуір көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) бір рет қана отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау және қадағалау субъектісіне тиісті түрде хабарлама табыс ету арқылы тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себебі көрсетіледі.