2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер - ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер - ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, мынадай жағдайларда:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер жаңа міндеттер басшыдан, маманнан және жұмыскерден өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қосымша білуді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
4) жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшыларының, мамандарының және жұмыскерлерінің білімін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыруды және өткізуді өздерінің басшылары бекітілген графиктерге сәйкес қамтамасыз етеді. Білімі тексерілуге (емтихандарға) жататын адамдар графикпен танысуға тиіс.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшыларының, мамандарының және жұмыскерлерінің білімін тексеруді (емтихандарды) жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Өзге заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері оқу ұйымының немесе қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығының комиссиясына оқу курсы аяқталғаннан кейін тәуелсіздік қағидатын сақтай отырып, үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Құрамы үш адамнан кем емтихан комиссиясының білімді тексеруіне (емтихандар өткізуіне) жол берілмейді.
10. Емтихан билеттерін және (немесе) тестілеудің электрондық бағдарламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және оны өздерінің басшылары бекітеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Бiлiмдi тексеру (емтихандар) нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамалары білімді кезекті тексергенге дейін сақталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелеріне сертификаттар беріледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Куәлік (сертификат) онда көрсетілген мерзімдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.
14. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.
15. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Мерзiмi өткен куәліктері (сертификаттары) бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
17. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарға, қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдарға, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі.
80-бап. Аварияларды жою жоспары
1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, қауіпті өндірістік объекті басшылары мен жұмыскерлерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
3. Аварияларды жою жоспарында:
2) аварияларды жоюға қатысатын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, іс-қимылдардың дәйектілігі;
3) авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі қамтылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Аварияларды жою жоспарын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы бекітеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісіледі.
81-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым оқу дабылдарын өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Оқу дабылын қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Аварияға қарсы жаттығу жұмыскерлермен аварияны жою жоспарының әрбір позициясы бойынша өткізіледі.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Оқу дабылының, аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысына жүктеледі.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 15-тараудың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-тарау. ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ, ҚАУІПТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ, АВАРИЯЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ
82-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның оқыс оқиға, авария кезіндегі іс-қимылы
1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдалануды жүзеге асыратын ұйым оқыс оқиға кезінде:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қауіпті өндірістік факторлардың туындағаны және болған оқыс оқиға туралы жұмыскерлерге, төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға дереу хабар береді;
2) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді жүргiзедi;
4) оқыс оқиғаларды болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
5) болған оқыс оқиғаларды есепке алуды жүргiзедi.
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйым авария кезінде:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті органның аумақтық органына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлайды;
2) аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшін қажеттi барлық ақпаратты береді;
3) комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 83-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
83-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру міндеттері мен негізі
1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің міндеттері оларға алып келген мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестерді пайдалану шарттарының бұзылу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылу сипатын анықтау, осындай авариялардың немесе оқыс оқиғалардың салдарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау болып табылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қауіпті өндірістік объектілердегі, қауіпті техникалық құрылғылардағы авария немесе оқыс оқиға тиісті комиссия жүргізетін тергеп-тексеруге негіз болып табылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
1. Аварияны тергеп-тексеру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесі өзінің өкілі басшысы болатын комиссияны құрады.
Аварияға тергеп-тексеру жүргізетін комиссияның құрамына:
жергілікті атқарушы органның;
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкілдері кіреді.
Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне аварияның туындағаны туралы ақпарат алынған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесі комиссия жұмысы басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды аварияның тергеп-тексерілгені туралы хабардар етеді.
2. Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға орын алған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге негіздер бойынша да құруға құқылы.
3. Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы жүргізеді, оны өзінің техникалық басшысы басқарады.
Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның өкілдері, сондай-ақ оның басшысының шешімімен өзге де адамдар кіреді.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі
1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы төраға бекіткен бұйрыққа (өкімге) сәйкес жүргізіледі, ол ұйымдастырушылық іс-шараларын орындайды және аварияны немесе оқыс оқиғаны уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің:
1) авария немесе оқыс оқиға орнына, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға және ондағы жұмыстарға тартылған жұмыскерлерге қатысты құжаттар мен материалдарға кедергісіз қол жеткізуге;
2) авария немесе оқыс оқиға орнын қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) көзімен көргендерден, жұмыскерлерден және аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар өзге де адамдардан сұрауға;
4) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты құжаттар мен материалдарды зерделеуге;
5) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан авария немесе оқыс оқиға бойынша құжаттар мен материалдарды сұратуға;
6) аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау, олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға сұратылатын ақпаратты беруге міндетті.
4. Комиссия төрағасының шешімі бойынша аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар және өзге де іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу қорытындысы бойынша комиссия ол тағайындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде аварияны тергеп-тексеру актісін жасайды және аварияны тергеп-тексерудің өзге де материалдарын дайындайды.
Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін комиссияны тағайындаған орган басшысы комиссия төрағасының қызметтік жазбасы негізінде ұзарту себептерін көрсете отырып, бұйрықпен (өкіммен) бір рет қана, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі аварияны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда комиссия төрағасы аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін аварияны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
3. Аварияны тергеп-тексеру актісі және өзге де материалдар комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымға қол қою және осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жіберу үшін ұсынылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тергеп-тексеру нәтижелеріне әсер еткен, тергеп-тексеру тәртібін бұзу фактілері немесе комиссияның тұжырымдары мен қорытындысын қате деп есептеуге негіздер анықталған жағдайда, аварияны тергеп-тексеру актісін қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
5. Оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу қорытындысы бойынша комиссия оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін жасайды.
6. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
7. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы);
қауіпті өндірістік объектінің атауы, оның орналасқан жері;
аварияның немесе оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайлары;
келтірілген зиянның (залалдың) мөлшері;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының жол берілген бұзушылықтары;
аварияны немесе оқыс оқиғаны және оның салдарын оқшаулау мен жою бойынша қабылданған шаралар;
аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуге тиіс іс-шаралар;
қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде осындай аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсыныстар;
комиссияның шешімі бойынша авария немесе оқыс оқиға туралы өзге де мәліметтер.
«Аварияларды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады.
Аварияларды тергеп-тексеру актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін растайтын материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынады.
Белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбау немесе анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоймау осы Заңның 39-2-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның аварияға тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі іс-қимылы
1. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым бес жұмыс күні ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен туындаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым дайындаушыға - рекламацияны, ал оның көшірмесін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым комиссияның шешімі бойынша аварияны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және оның оның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ заңды негіздер болған кезде құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
88-бап. Аварияны тергеп-тексеру бойынша шығыстар
Аварияны тергеп-тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым көтереді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 88-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
88-1-бап. Қауіпті техникалық құрылғылардың авариясын немесе оқыс оқиғасын тергеп-тексеру
Қауіпті техникалық құрылғылардың авариясын немесе оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру осы тарауға сәйкес жүргізіледі.
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi
Мемлекеттiк резерв жүйесiн мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік резерв саласындағы құрылымдық бөлімше және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары құрайды.
90-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты
Мемлекеттiк резерв:
1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;
2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;
3) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету;
5) гуманитарлық көмек көрсету мақсатында құрылады және пайдаланылады.