91-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының құқықтық мәртебесi
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының запастары, олардың сақталу орнына қарамастан, республикалық меншiк болып табылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары орналастырылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне және (немесе) объектілеріне шетел қатысатын ұйымдардың құқықтарымен болжамды ауыртпалық түскен жағдайда, материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құпиялылық режимі сақтала отырып, басқа мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне орналастырылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 91-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
91-1-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және оларды сақтау көлемдері
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және оларды сақтау көлемдері:
1) 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою бойынша шараларды қабылдау үшін уәкілетті органның;
3) нарыққа реттеушілік ықпал ету, гуманитарлық көмек және босқындарға көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
92-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастыру
1. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен өнім берушілер арасында орналастырылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 96-1-бабының 2-тармағында көзделген ережені қоспағанда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды беруге тапсырыс берушi ретінде әрекет етеді.
3. Мемлекеттiк резервке қойылатын материалдық құндылықтар бүкiл сақталу мерзiмiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік резервке берілетін және онда сақтауда тұрған материалдық құндылықтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастырады.
Тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және (немесе) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік резервтің өзге материалдық құндылықтарына зерттеулер (сынақтар) жүргізуді аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын зерттеулерді (сынақтарды) қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы әзірлейді және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
93-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және шарт негізінде жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің сақтауға берілген материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру және сақтау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне қойылатын өлшемшарттар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленеді.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жұмылдыру тапсырыстары орналастырылған ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасында және сақтау көлемдерінде көрсетіледі.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартылуын, сондай-ақ оларды өткізу кезінде босатуды қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды кейіннен жұмылдыру резервіне сала отырып, жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жаңартуды шарт негізінде жүзеге асырады.
Кейіннен өздерінен жұмылдыру тапсырыстары алынған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары броньнан шығарылған жағдайда, оларды сақтау мемлекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттің резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және олардың қозғалысы туралы есептер береді.
5-тармақтың екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.
17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 94-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану негіздері
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтажы үшін пайдалану Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 94-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94-1-бап. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі
1. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі номенклатура өзгерген кезде, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларымен реттелетін жаңарту және броньнан шығару тәртібімен шығаруды қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленеді.
3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейіннен сала отырып, шарт негізінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңартуды жүзеге асырады.
4. Қарызға беру тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығарылған кезде алушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктерден кепілдіктер береді.
5. Номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімі негізінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5-тармақтың екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару, номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығаруды қоспағанда, кейіннен сала отырып жүзеге асырылады.
6. Жаңарту тәртібімен басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде берілген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары, сондай-ақ номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығарылғандарды қоспағанда, броньнан шығарылған материалдық құндылықтар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
7. Гуманитарлық көмекті жеткізу және беру жөніндегі шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының балансына беру тәртібі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
9. 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 94-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
94-2-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
1-тармақтың екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Кәдеге жаратылған тауарлар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның өткізуіне жатады.
2-тармақтың екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
95-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк резервті пайдалану
Ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың арасында дағдарыс құбылыстары мен қатер төндіретін диспропорциялар туындаған жағдайда, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары нарыққа реттеушілiк ықпал ету үшiн пайдаланылады.
96-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығару тәртiбi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізеді және нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын бағалар деңгейіне жеткен жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне сауда қызметінің субъектілері - шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.
2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін пайдаланған жағдайда, сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттармен немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен расталған құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың болуымен расталған, сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалға алу шартымен расталған, бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды өткізу мүмкіндігі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе қойма үй-жайларын жалға алу шартымен, денсаулық сақтау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың құжаттарымен расталған, сатып алынатын тауардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ете алатын қойма үй-жайларының болуы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жүзеге асырады. Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.
Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуді бөлшек сауда арқылы сауда қызметі субъектілері жүзеге асырады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 96-1-баппен толықтырылды
96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері
1. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруге, сақтауға және шығаруға осы бапта белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Заңның ережелері қолданылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.
3. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруді, сақтауды және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
4. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.
97-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету
1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды көлік ұйымдары жүкті тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсіз қабылдайды.
Жүкті тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік
Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы және оларды сақтау бойынша есепке алу мен есептілік олар жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша есепке алу мен есептіліктен бөлек жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 99-бап жаңа редакцияда
99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
99-баптың екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бөлім. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 100-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің мәртебесі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерден, әскери қызметшілер мен жұмыскерлерден жасақталады.
2. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Азаматтық қорғау органдарындағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау органдарында әскери қызмет өткереді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтің ерекше түріне жататын азаматтық қорғау органдарында қызмет өткереді, оған түсу, өткеру және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Азаматтық қорғау органдарының жұмыскерлеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және азаматтық қызметшілер жатады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Азаматтық қызметшілердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
6. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнаулы киім-кешек киеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.
9. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)