«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

20) қауіпті техникалық құрылғылар мен қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) осы Заңға және Қазақстан Республиксының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келісуге;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен техникалық куәландыруларды жүргізуге;

23) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) қауіпті өндірістік объектілерде ықтимал аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

25) аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізуге материалдық және қаржылық ресурстардың резервтеріне ие болуға;

26) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға туындаған жағдайда мониторинг жүргізу, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

27) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыруға;

28) жергілікті құлақтандыру жүйелерін құруға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға міндетті.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдарға, егер олар осы объектілерде:

көмірсутек шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда, геологиялық барлау жұмыстарын және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбестен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарын;

жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар), эскалаторлар, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштер пайдаланылатын жұмыстарды;

автожанармай құю станцияларын және астық қабылдау пункттерін пайдалануға байланысты жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды.

5. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:

1) азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға;

2) объектілік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға;

3) әскери қақтығыстар жүргізу кезінде жұмыскерлерді және объектілерді қорғау бойынша азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруға;

4) азаматтық қорғаныс бойынша жұмыскерлерді оқытуды жүзеге асыруға;

5) ұжымдық және жеке қорғану құралдарының запастарын құруға және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;

6) өз объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.

 

17-бап. Қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы қызметі

1. Қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласында:

халық арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады;

орталық және жергілікті атқарушы органдарға зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек беруде жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

2. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің құтқарушы немесе ерікті өрт сөндіруші мәртебесі болған кезде төтенше жағдайларды жоюға қатысуға құқығы бар.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қоғамдық бірлестіктер зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек көрсету жөніндегі өз қызметін уәкілетті органмен немесе оның аумақтық органдарымен үйлестіреді, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрініс табуға тиіс.

 

18-бап. Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Жеке тұлғалардың:

1) ұшырауы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының туындау қатері туралы және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты күні бұрын алуға;

2) азаматтарды, объектілерді төтенше жағдайлардан және олардан туындаған салдарлардан қорғау мәселелері бойынша жеке өтініш білдіруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жіберуге;

3) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте қатысуға;

4) осы Заңда көзделген жағдайларда, азаматтарды қорғауға арналған ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, басқа да мүлікті пайдалануға;

5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтетуге;

6) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;

7) мертігуіне немесе ауруына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған, мертігуден немесе аурудан қаза тапқан немесе қайтыс болған асыраушысынан айырылған жағдайларда, егер бұлар төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі міндеттерді орындау салдарынан болған болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырылуға;

8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтету туралы сотқа қуыным беруге құқығы бар.

2. Жеке тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;

2) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне өздеріне белгілі болған төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындағаны туралы хабар беруге;

3) «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға;

4) азаматтық қорғау бойынша оқудан өтуге;

5) тұрмыста және күнделікті еңбек пен шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеуге;

6) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру бойынша қолдан келген шараларды қабылдауға;

7) өртке қарсы қызметке өрттерді сөндіру кезінде оларды сөндірумен тікелей байланысты емес жәрдем көрсетуге;

8) мемлекеттік инспекторлар мен азаматтық қорғау органдарының нұсқамаларын және заңды талаптарын орындауға;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою бойынша өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығуларға қатысуға, халықты және объектілерді қорғау құралдарына ұқыпты қарауға;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10) саяхат басталғанға дейін уəкілетті органның аумақтық органына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлер, су, таулы жəне спелеологиялық объектілер бойынша саяхат кезінде жүру маршруттары туралы хабарлауға міндетті.

Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы жəне спелеологиялық объектілердің тізбесін жəне уəкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау тəртібін уəкілетті орган айқындайды.

3. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жеке тұлғалар осы баптың 2-тармағына қосымша:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

2) ұйым әкімшілігіне қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, оқыс оқиғалар туралы дереу хабар беруге, өрттерді байқаған жағдайда бұлар жөнінде өртке қарсы қызметті хабардар етуге;

3) өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлықтан, білімін тексеруден өтуге;

4) аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияларға жәрдем көрсетуге міндетті.

4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген азаматтық қорғау саласындағы құқықтарды пайдаланады және міндеттілікте болады.

 

 

2-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС

 

4-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА БАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

 

19-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару

1. Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады, ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы болып табылады.

2. Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Орталық атқарушы органдарда және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда, ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары болып табылады.

4. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде азаматтық қорғанысқа басшылықты әкімдер жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғанысының тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады.

6. Мемлекеттің азаматтық қорғаныс бойынша дайындығы қару-жарақтың, әскери техниканың және халық пен объектілерді қорғау құралдарының дамуы ескеріле отырып, күні бұрын бейбіт уақытта жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде азаматтық қорғанысты жүргізу ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери қақтығыстардың нақты басталуынан немесе соғыс жағдайын енгізуден басталады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) уəкілетті органға жəне оның аумақтық органдарына;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.

Бұл ретте азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік органның жұмылдыру органдарымен ұйымдық түрде біріктірілуі мүмкін;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.

Уәкілетті органда жəне оның аумақтық органдарында және мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдардың бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.

9. Азаматтық қорғаныс бастықтары:

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын қоспағанда, тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын бекітуге;

2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты аумақта эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге;

3) азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тартуға міндетті.

 

20-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызу.

Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу

1. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және халықтың тiршілігін қамтамасыз етуге қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын міндеттердің көлеміне байланысты қалалар үшін мынадай: ерекше, бірінші жəне екінші топтар айқындалады.

Қалаларды топтарға жатқызу мынадай өлшемшарттар бойынша белгіленеді:

1) ерекше топқа астана жатады;

2) бірінші топқа республикалық маңызы бар қалалар жатады;

3) екінші топқа облыстық маңызы бар қалалар жатады.

2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Əлеуетті қауіптілікке, жаһандық, өңірлік жəне жергілікті ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлардың əлеуметтік-экономикалық салдарының шамасына жəне ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерге байланысты ұйымдар азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттарға бөлінеді: аса маңызды жəне санатталған.

Жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар аса маңызды санатқа жатады.

Санатталған ұйымдарға:

аса маңызды мемлекеттік меншік объектілері;

стратегиялық объектілер;

өнеркəсіптің, көлік-коммуникация кешенінің жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын жəне жобаланатын қауіпті өндірістік объектілері бар, маңызды мемлекеттік жəне экономикалық мəні бар ұйымдар;

уларды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен жəне жоюмен, патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен айналысатын ұйымдар;

жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын жəне жобаланатын тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жатады.

4. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бiр өндiрiстік аумақта орналасқан кезде ол сол санатқа теңестiрiледi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбені дайындайды, оны тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың азаматтық қорғанысы бастықтары бекітеді.

 

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

Әскери қақтығыстар туындаған кезде Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау, нұқсан мен шығынды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныстың мынадай іс-шараларын жүргізеді:

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) күні бұрын:

азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;

қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша жəне жылжымалы басқару пункттерін, құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру әрі дамыту және оларды пайдалануға әзірлікте ұстап тұру;

азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстап тұру;

қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар қолданылған жағдайда қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдарын дайындау және халықты оқыту;

азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу және оның қорын жинақтау, оларды жұмыс істеу әзірлігінде ұстау;

азаматтық қорғаныс мүлкін құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;

эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау;

салалар мен ұйымдардың орнықты жұмыс істеуі жөнінде іс-шараларды жоспарлау және орындау;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) әскери қақтығыстар туындаған кезде:

азаматтық қорғаныс жоспарларын қолданысқа енгізу, қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша жəне жылжымалы басқару пункттерін іске қосу;

қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қатерi мен қолданылуы туралы құлақтандыру, халыққа іс-қимылдар тәртібі туралы хабар беру;

халықты азаматтық қорғаныстың ең қарапайым жасырын паналары мен қорғаныш құрылыстарында паналату, қажет болған кезде - жеке қорғану құралдарын пайдалану;

жараланғандар мен зақым алғандарға медициналық көмек көрсету;

эвакуациялық іс-шараларды жүргізу;

азаматтық қорғаудың қосымша басқару пункттерін, құлақтандыру жəне байланыс жүйелерін құру;

авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

бұзылған құлақтандыру және байланыс жүйелерін қалпына келтіру;

азаматтық қорғау құралымдарының әзірлігін қалпына келтіру.

 

 

5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МҮЛКІ

 

22-бап. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері және бейбіт уақыт пен соғыс уақытындағы олардың міндеттері

1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) бейбіт уақытта:

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою;

жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;

төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;

төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу;

уәкілетті органның қарауындағы басқару пункттерін күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге де жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;

жұмылдыра өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесіне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру;

оқу объектілерін, полигондарды әзірлікте ұстап тұру;

төтенше жағдай енгізілген жəне терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, əскери қызметшілері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ азаматтық қорғау құралдарын қорғау;

төтенше жағдай енгізілген жəне терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде күзетілетін қарауылдарға, объектілерге, азаматтық қорғаныс əскери бөлімдерінің, уəкілетті органның аумақтық органдарының, оның ведомстволарының, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының үй-жайлары мен құрылысжайларына қарулы шабуылды тойтару;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) соғыс уақытында:

қорғаныс шептері мен позицияларын құру;

зақымдау ошақтары мен зарарлану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;

зақымдау ошақтарында, зарарлану және апатты су басқан аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

әуеайлақтарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды бөліктерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;

эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге қатысу;

Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының жекелеген міндеттерін орындау;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау болып табылады.

2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің шет мемлекеттердің аумақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн қолдану туралы шешімді уәкілетті органның басшысы қабылдайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарында көрсетілген міндеттерді орындау үшін арнаулы мақсаттағы бөлімшелер құрылады.

4. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері азаматтық персоналмен де жасақталады. Азаматтық персонал алмастыратын лауазымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, уәкілетті органның жалпы саны лимиттері шегiнде уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.

5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін жұмылдыра өрістету үшін штаттарға және тиесілік нормаларына сәйкес: техника, қару-жарақ, материалдық-техникалық құралдардың запастары құрылады және күтіп-ұсталады.

6. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет режимі мен жұмыс күнінің ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы бұлардың жүргізілу сипатын, ерекшеліктерін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгілейді.

7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қалашықтарының тұрғын үй-жайлары мен басқа да құрылыстары, полигондары, оқу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық-техникалық құралдары мемлекеттік меншік болып табылады. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің санамаланған және бөлінген өзге де мүлкі жедел басқару құқығымен оларға бекітіледі.

 

23-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Азаматтық қорғаныс объектiлерiне: қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары, ең қарапайым жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.