«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшiн азаматтық қорғаудың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкiнiң запастары құрылады.

3. Мемлекеттік меншік болып табылатын және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi иеліктен шығаруға жатпайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларына паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын паналар және мобильді қорғаныш құрылысжайлары жатады.

Азаматтық қорғаныстың жылжымалы қорғаныш құрылысжайларын қоспағанда, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады.

Ғимарат пен құрылыстың құрамында азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайы (жеке тұрған немесе қосып салынған) дербес кадастрлық нөмір бере отырып, жеке жылжымайтын мүлік объектісі ретінде қаралады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2. Уәкілетті органның аумақтық органдарының ұсынуымен мемлекеттік меншік болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуші органда жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге жататын азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларының тізбесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен бекітіледі.

4. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқару үшін қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері құрылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысының қорғаныш құрылыстары бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұсталады.

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары көрсетілген ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары неғұрлым үлкен жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.

6. Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне өтеді.

 

 

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-БӨЛІМ. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ АВИАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗ ҰЙЫМЫ, АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ

 

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-бап. Уәкілетті органның авиациясы

Уәкілетті органның авиациясы:

1) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей зілзалалар кезінде көмек көрсету бойынша ұшуды;

2) халыққа медициналық көмек көрсету және санитариялық іс-шараларды жүргізу бойынша ұшуды;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көлік-жолаушылар ұшуын;

4) зардап шеккен адамдарды, халықты және мүлікті төтенше жағдай аймақтарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттерден эвакуациялау бойынша ұшуды;

5) гуманитарлық жүкті төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша ұшуды;

6) республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға, халықаралық жобаларға қатысуды;

7) авиациялық техника мен оның құрамдастарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетуді;

8) азаматтық қорғау саласындағы қызметке байланысты жолаушылардың, багаждың, жүктердің және почтаның әуе тасымалын;

9) аэротүсірілім, картографиялық-геодезиялық және авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу бойынша ұшуды;

10) орман шаруашылығына қызмет көрсету бойынша ұшуды;

11) азаматтық қорғау саласындағы құрылыс-монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша ұшуды;

12) вахталық бригадаларды, жабдықты тасымалдау бойынша теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан, мұнай-газ секторының жасанды аралдарынан ұшуды;

13) әуежайлық қызметті жүзеге асыруды;

14) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою үшін далалы, сулы, орманды және таулы жерлерді патрульдеу бойынша ұшуды;

15) өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша ұшуды;

16) байқау және құлақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша ұшуды (бекеттерді қою және оларға қызмет көрсету);

17) далалық экспедиция жұмыстарына қызмет көрсету бойынша ұшуды;

18) электр энергиясын беру желілерін және магистральдық құбырларды зерттеп-қарау бойынша аэровизуальді ұшуды;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) ұшу құрамының кәсіби деңгейін ұстап тұруға және жаңа техниканы меңгеруге арналған жаттығу үшін ұшуды;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

20) төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөніндегі ұшуды орындау үшін олардың тұрақты әзірлігі мақсатында әуе кемелерінің кезекшілігін;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

21) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алуды орындайды.

Уәкілетті органның авиациясы уәкілетті органның және оның аумақтық органының өтінімдері бойынша ұшуды орындайды.

 

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

24-1-бап. Уәкілетті органның теңіз ұйымы

1. Уәкілетті органның теңіз ұйымының қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Уәкілетті органның теңіз ұйымы:

уәкілетті органды мұнайдың төгілуі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;

оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізеді, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою бойынша жедел іс-қимылдарды жүзеге асырады;

Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнайдың авариялық төгілуінің және қауіпті жүктердің ластауын жоюды жүзеге асырады;

Каспий теңізінің қазақстандық секторында авариялық жағдайлар кезінде көмек көрсетуді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

 

6-тарау. АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ

 

25-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын құру

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары кәсіби және ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары болып бөлінеді.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы-құтқару, жедел-құтқару, суда-құтқару, авиациялық-құтқару қызметтерін және өзге де мамандандырылған қызметтер мен құралымдарды құрады.

3. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарақтандырылады.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтері ғимараттар мен құрылысжайлардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады, орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы техникамен, аппаратурамен және жабдықпен жарақтандырылады, құтқарушылармен жасақталады, оқу-жаттығу полигоны, шаң-газ талдау зертханасы болады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келеді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі арнаулы техникамен, жабдықпен, аппаратурамен, жарақтармен, керек-жарақпен және құралдармен қамтамасыз етіле отырып, әзірлікте ұсталады.

5. Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жеке, заңды тұлғалар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар құрады және олар арнайы техникамен, жабдықпен, жарақпен, керек-жарақпен және құралдармен жарақтандырылады.

 

26-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметi

1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметі ерекше сипатта болады, осы қызметтер басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін жұмыскерлердің мүлтіксіз орындауын көздейді. Бұл талаптар ерікті авариялық-құтқару құралымдарын төтенше жағдайды жоюға қатысу үшін тартқан кезден бастап оларға да қолданылады.

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының ұдайы әзірлігі кәсiби даярлау бойынша оқу-жаттығулар, сабақтар мен арнайы жаттығу жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi.

3. Уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жедел көлігі мiндеттi түрде арнайы дыбыс және жарық сигналдары аспаптарымен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы таңбалармен жабдықталады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27-бап. Құтқарушыларды аттестаттау

1. Құтқарушылар аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.

2. Құтқарушыларды аттестаттау:

1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлік дәрежесін;

2) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.

3. Құтқарушылар бастапқы, қайта, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:

1) бастапқы аттестаттауға құтқарушы боламын деп шешкен азаматтар жатады;

2) қайта аттестаттау құтқарушылар қызметін қайтадан бастау үшін алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін өткізіледі;

3) құтқарушыларды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі;

4) құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

4. Аттестаттауды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.

«Халықаралық сыныптағы құтқарушы» деген сыныптық біліктілікті уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы құтқарушыларға олар жұмыс істейтін авариялық-құтқару құралымының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.

 

2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды

27-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері аттестаттауға жатады.

2. Аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бастапқы, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:

1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жатады;

2) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезеңдік аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі;

4) кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын жұмыстардың түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.

4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындатын тәртіппен өткізіледі.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Аттестаттаудан өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беріледі.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған, оның ішінде біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамауы;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ерікті түрде жүгіну;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру оларды тоқтата тұру кезеңінде жүргізуге тыйым салуға алып келеді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жолданымы бойынша жүзеге асырылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат мынадай жағдайларда:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде жүгінгенде;

2) аттестаттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;

3) заңды тұлға таратылғанда;

4) аттестаттан айырғанда қолданысын тоқтатады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және аттестаттарының қолданысы тоқтатылған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

 

28-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

29-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ кəсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ кəсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ кəсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру:

1) төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;

2) авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және кəсіби өртке қарсы қызметтердің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында жүзеге асырылады.

 

30-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын қайта бейіндеу және тарату

1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен мiндеттi түрде құру көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiндеу немесе тарату үшін олар қызмет көрсететiн ұйымдар қызметінің тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құралымдар алдын алуға және жоюға арналған төтенше жағдайлардың туындау қатерінің жойылуы негіз болып табылады.

2. Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тарату туралы шешiмдерді қабылдаған кезде ұйым басшылығы бұл туралы уәкілетті органға хабар береді.

 

31-бап. Құтқарушылар

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарында құтқарушылар міндетін атқаруға он сегіз жасқа толған, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған азаматтар жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесiне олар медициналық куәландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердi орындағаннан кейiн авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған аттестаттау нәтижелерi бойынша ие болады.

3. Аттестаттау комиссиясы Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы шешiм қабылдаған кезде оларға уәкілетті орган белгілеген үлгілер бойынша құтқарушы куәлiгі, кiтапшасы, бетіне тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), қан тобы мен құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон беріледi.

4. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында құтқарушылар осы Заңды, Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметі мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және соның құрамында көрсетілген жұмыстарды жүргізетін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының басшыларына ғана бағынады.

5. Құтқарушылардың өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіру мақсатында оларға қандай да бір нысанда ықпал етуге ешкім де құқылы емес.

 

32-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жасақтау

1. Авариялық-құтқару қызметтерінің басшы құрамы авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы қызметінің ерекшелігіне сай келетін жоғары білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдар арасынан жасақталады.

2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикалық бұзылушылығы салдарынан жарамсыз деп танылған, сондай-ақ өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құтқарушы болып жұмысқа қабылдана алмайды.

3. Авариялық-құтқару қызметтерінің немесе құралымдарының жеке құрамын жасақтау құтқарушы мәртебесі бар адамдар арасынан жүзеге асырылады.

4. Құтқарушы мәртебесі бар, осы баптың 2-тармағына көрсетілген негіздер бойынша жұмысқа қабылданбаған адамдар көрсетілген негіздер тоқтатылған кезде кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде үш ай бойы тағылымдамадан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

 

33-бап. Құтқарушылардың құқықтары

1. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға тартылған құтқарушылардың көрсетілген жұмыстарды жүргiзетiн жерге бару кезiнде көлiктiң барлық түрiне билеттердi кезексiз алуға құқығы бар.

2. Құтқарушылар тиесілілік нормалары бойынша арнайы киім-кешекпен және жарақпен қамтамасыз етіледі.

3. Құтқарушылардың авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында:

1) олардың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi толық және анық ақпаратқа;

2) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдіктері орналасқан үй-жайларды, жер учаскелерін қоспағанда, адамдарды құтқаруға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған шараларды қабылдау үшін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі аумаққа, тұрғынжайға және өзге де үй-жайға, жер учаскелеріне кедергісіз кіруге;

3) төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге;

4) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға;

5) азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;

6) қажет болған жағдайларда адамдарды құтқару үшін жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларды ашуға;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен, адамдарды құтқару үшiн төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкi мен өзге де материалдық құралдарын пайдалануға құқығы бар.

4. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде адам өмірін құтқаруға байланысты болған жағдайларда әрекет еткен құтқарушылар келтiрiлген нұқсанды өтеуден босатылады.