«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 Қаулысы (2015.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 Қаулысы

(2015.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 464 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2014.31.12. № 1441 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.09.04. № 209 Қаулысымен (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі

№ 292 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі

 іс-шаралар жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.