«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V Заңы (2025.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде әкелген күнді айқындауға құқылы.

Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн ретінде «2014 жылғы 1 қаңтарға дейін» немесе «2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін» деп көрсетіледі.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.

12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган көлік құралдарын шығарумен байланысты кеден операциялары жүргізілгеннен кейін уәкілетті органның көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне бірлескен актіде айқындалатын тәртіппен мәліметтерді жібереді.

 

 

11-тарау. АДАМДАРҒА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

 

73-бап. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру

1. Қазақстан Республикасында көлік құралдарының оларды басқаруға арнайы құқық (бұдан әрі - көлік құралдарын басқару құқығы) берілетін мынадай санаттары мен оларға кіретін кіші санаттары белгіленеді:

1) «А» санаты - мотоциклдер;

2) «В» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер;

3) «С» санаты - «D» санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «С» санатындағы автомобильдер;

4) «D» санаты - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «D» санатындағы автомобильдер;

5) «ВЕ» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын және жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан асатын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер;

6) «СЕ» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген «С» санатындағы автомобильдер;

7) «DЕ» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген «D» санатындағы автомобильдер, сондай-ақ жалғастырылған автобустар;

8) «Tm» санаты - трамвайлар;

9) «Tb» санаты - троллейбустар;

2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) «А1» кіші санаты - ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер, сондай-ақ мопедтер;

11) «В1» кіші санаты - трициклдер мен квадрициклдер;

12) «С1» кіші санаты - «D» санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, бірақ жеті жүз елу килограмнан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «С1» кіші санатындағы автомобильдер;

13) «D1» кіші санаты - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын, бірақ он алтыдан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «D1» кіші санатындағы автомобильдер;

14) «С1Е» кіші санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген массасы он екі мың килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «С1» кіші санатындағы автомобильдер;

15) «D1Е» кіші санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі мың килограмнан аспайтын, жолаушыларды тасымалдауға арналмаған тіркеме тіркелген «D1» кіші санатындағы автомобильдер.

2023.29.06. № 12-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы Заңның 57-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін адамдар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен электр самокаттарды басқаруға жіберіледі.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көлік құралдарын басқару құқығы осы Заңның 74 немесе 74-1-баптарында санамаланған шарттар сақталған кезде емтихан тапсырған адамдарға беріледі.

Емтихандар механикалық немесе автоматты трансмиссиясы бар көлік құралдарында қабылданады.

Механикалық трансмиссиясы бар көлік құралдарында емтихан тапсырған адамдарға трансмиссияның кез келген түрі бар тиісті санаттағы немесе кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы беріледі.

3. Емтихандар емтихан тапсырушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып өткізіледі.

Емтихан өткізуге арналған техникалық бақылау құралдарының құрамын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды қолдану шарттарын уәкілетті орган белгілейді.

4. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2023.29.06. № 12-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Көлік құралдарын басқару құқығы - жүргізуші куәлігімен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікпен расталады.

6. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес келетін ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі.

7. Ұлттық жүргізуші куәлігі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше шектеу көзделмесе, он жыл мерзімге беріледі.

2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. «А» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына ұлттық жүргізуші куәлігі - «А1» кіші санатындағы және мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар «В1» кіші санатындағы, «В» санаты - «А1» және «В1» кіші санаттарындағы, «С» санаты - «С1» кіші санатындағы, «D» санаты - «D1» кіші санатындағы, «СЕ» санаты - «С1Е» кіші санатындағы, «DЕ» санаты - «D1Е» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын да растайды.

9. Халықаралық жүргізуші куәлігі үш жылға дейінгі, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылуы мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Қазақстан Республикасында берілген халықаралық жүргізуші куәлігі көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында басқару үшін жарамсыз болып табылады.

10. Басқа мемлекеттерде беріліп, жоғалған (ұрланған) шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктерінің орнына ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін беру жүргізілмейді.

11. Ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.

12. Егер жүргізуші куәлігінде көлік құралдарын басқаруға шектеулер көрсетілген жағдайда, осы жүргізуші куәлігі онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда жарамды деп есептеледі.

13. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ уақытша болатын адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде, ал мұндайлары болмаған кезде осы баптың 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында санамаланған шарттар мен шектеулер сақталған кезде жарамды халықаралық немесе шетелдік ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға рұқсат беріледі.

2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметті немесе көлік құралдарын тікелей басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты өзге де еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға жол берілмейді.

15. Шет мемлекетте берілген халықаралық жүргізуші куәлігі тиісті ұлттық жүргізуші куәлігімен бірге көрсетілетін жағдайда ол жарамды деп танылады.

16. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.

17. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері олардың иелері көлік құралдарының тиісті санаттары мен кіші санаттары үшін осы Заңның 74-бабында көзделген жасқа толған кезде Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамды деп танылады.

18. Көлік құралы халықаралық жол жүрісіне қатысқан жағдайларда осы баптың 14 және 17-тармақтарында көзделген ережелер қолданылмайды.

19. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын олардың иесі тұруға ықтиярхат алған күннен алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына келген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз деп танылады.

2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктеріне алмастыруға жатпайды.

Ескертулер.

1. «В», «С» санаттарындағы және «С1» кіші санатындағы көлік құралдарына жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын, тиісті санаттарға (кіші санаттарға) жатқызлатын көлік құралдарының өздігінен жүретін шассилері теңестіріледі.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.

 

74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары

2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.

2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Көлік құралдарын басқару құқығы:

«А1» кіші санатындағы көлік құралдарын - он алты жасқа толған адамдарға;

«А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын - он сегіз жасқа толған адамдарға;

«С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын - жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;

«Tm» санатындағы көлік құралдарын - жиырма бір жасқа толған адамдарға;

«D» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу - жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға;

«ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын - кемінде он екі ай бойы тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға;

«С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын - кемінде он екі ай бойы тиісінше «С», «D» санаттарындағы не «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.

2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы бөлігінде немесе 613-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар жеті жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының жетінші бөлігінде немесе 613-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді.

Емтихандар тапсыруға осы шектеу әкімшілік жауаптылыққа соңғы тартылған кезден бастап есептеледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. «В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі.

Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.

Аталған адамдарға олар жиырма бір жасқа толғанға дейін берілген ұлттық жүргізуші куəліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға ғана тиесілі «С» санатындағы көлік құралдарын жəне олар əскери қызмет өткерген кезеңде ғана басқару құқығын растайды.

4. 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

74-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын алудың ерекше шарттары

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығы ұлттық жүргізуші куəлігінің немесе əскери қызметшінің жүргізуші куəлігінің болуымен расталады.

2. Əскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау жəне əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беру, сондай-ақ əскери қызметшілер үшін жасына жəне еңбек өтілі мен көлік құралдарын басқару өтілінің болуына қойылатын талаптар əскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беру қағидаларында айқындалады.

3. Əскери қызметшінің жүргізуші куəлігі əскери қызметшінің əскери қызметті өткеру кезеңіне жарамды деп саналады.

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, əскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беру қағидаларына сəйкес көлік құралдарының қосымша санаттары енгізілуі мүмкін.

5. Осы Заңның 74-бабының 2-тармағында белгіленген жасқа толған жəне көлік құралдарын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдар əскери қызметшінің жүргізуші куəлігі болған кезде көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында даярлықтан өтпей, тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.

 

75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату

2023.29.06. № 12-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:

1) жүргізуші куәлігі қолданысының белгіленген мерзімінің өтуі;

2) медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы.

Механикалық көлік құралы жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберу көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болып табылады;

3) жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмау;

4) көлік құралдарын басқару құқығынан айыру;

2023.29.06. № 12-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) механикалық көлік құралын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұза отырып, жүргізуші куәлігін беру.

Осы тармақтың 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті органның (лауазымды адамның) қуынымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезде:

2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша - медициналық қарап тексеруден өткеннен кейін;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша - егер көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатудың себебі жойылатын болса, сот шешімі бойынша;

3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша - осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен;

4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта медициналық қарап тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.

3. Жауаптылық шаралары ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға не осындай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылықтардың түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

 

76-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

12-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЯРЛАУ

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар

1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрады және өз қызметін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды.

2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды;

4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдерін (тізімде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);

5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламаларын ұсынады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы келіп түскен хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын есепке алу және оқу топтарын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы» немесе «өндірістік оқыту шебері» не «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.

5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар өз қызметін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.

2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;

 

78-бап. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

79-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер

1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер құра алады.

2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.

3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді құру, басқару, олардың жұмыс істеуі және қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.