Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 27 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 38 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 6 желтоқсанда № 184 (2382) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: