«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы № 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-Ө Бұйрығы (күші жойылды)

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы № 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-Ө Бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын, «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы заңын және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген «Тауар биржасының үлгі ережесін» іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7711 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылдың 18 тамызында № 276-278 (27095-27097) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аукцион бағыты - арттыру немесе төмендетуге арналған аукцион;

2) аукционға тапсырыс беруші - осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша акционға бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органға бағынысты ведомстволық ұйым;

3) арттыруға арналған аукцион - қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;

4) ашу бағасы - биржалық саудалар басталатын баға, не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша алғаш жасалған биржалық келісім бағасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.