банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген тиісті салық органының үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екені туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
әлеуетті өнім берушінің АҚ-да көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
аукционда сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат беру фактісі айқындалған;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52-тармақ өзгертілді
52. Жеке тұлға болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші, мынадай:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай:
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген тиісті салық органының үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екені туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
53. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтінімінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.
54. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
55. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
56. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды және хатшы аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні аукционның барлық қатысушыларын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.
8. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
57. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукцион қатысушысына қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және аукцион жеңімпазы АҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
58. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) аукционның жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) аукционның жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған;
3) егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда қайтармайды. Бұл жағдайда аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
9. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Аукционның жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады;
60. Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
61. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.
62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
63. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
64. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдайды.
65. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
66. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 67-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
67. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
68. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
69. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оның бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы туралы ережені қамтуы тиіс.
70. Шартта мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы талап қамтылуы тиіс.
71. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілермен жасалған шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Аукциондық құжаттаманың
5-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші тауарлар сатып алу кезінде толтырады)
Аукционның № _____________________________
Аукционның атауы __________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы _____________________________________
БСН/ЖСН _________________________________
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он жыл ішінде берген (өндірген), аукционда сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).