«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 75 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8544 тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйекте № 265 (27539) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандары ұстау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар.»;
9, 10 және 11 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін: