2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 шешімі
(2014.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8- бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014.11.02. № 192 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 112 027 819,6 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша 35 736 951 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 483 041 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 75 807 827,6 мың теңге;
2) шығындар - 115 704 313 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 4 404 776 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 606 292 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 201 516 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 3 500 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 500 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -8 084 769,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын
қаржыландыру - 8 084 769,4 мың теңге.
2. 2014 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 18 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 18 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;