Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің құрамы мен ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 165 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің құрамы;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің
2014жылгы 1 сәуірдегі
№ 161 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кенесінің
құрамы