Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 Қаулысы
(2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 492 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.