«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

35-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату

1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) берілген мерзімі өткенде;

2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

3) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырғанда (оларды қайтарып алғанда);

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылғанда;

5) лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда;

6) осы Заңға 1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталғанда;

7) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталғанда;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.

3. Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиаттар жүзеге асыруға қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқылы емес.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиялық қызмет тоқтатылатын жыл үшін лицензиялық алым төлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алым төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексеруді аяқтағанға жəне ол анықтаған бұзушылықтар бойынша шешімдер қабылдағанға дейін лицензияның жəне лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтатуға жол берілмейді.

 

36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, олардың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату тәртібін, мерзімдері мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

3. 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде айқындалады.

Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес лицензиат санаты көрсетіледі.

2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің ерекше шарттары «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Лицензияға қосымшада лицензияны берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жұмыс жүргізетін аспаптар, қондырғылар, материалдар, заттар, қалдықтар түрі көрсетіледі.

2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (немесе) лицензияға қосымша берудің ерекше шарттары «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының маркасы, шығарылған жылы және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі.

2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7. Білім беру саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің ерекше шарттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде қолданылу мерзімі көрсетіледі.

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің, сондай-ақ лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың ерекше шарттары «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

 

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

37-бап. Экспорт және импорт кезіндегі рұқсат беру құжаттары туралы жалпы ережелер

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Рұқсат беру құжаттары тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты кезінде, егер бұл халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одақтың актілерінде көзделген болса немесе егер тауарларға қатысты:

1) сандық шектеулер;

2) айрықша құқық;

3) автоматты лицензиялау (байқау);

4) рұқсат беру тәртібі;

5) тарифтік квота;

6) арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота;

7) арнайы квота енгізілген болса, қолданылады.

Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының тізбесін Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімімен бекітілген, Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Рұқсат беру құжаттарын берудің тәртібі мен шарттары халықаралық шарттарға, Еуразиялық экономикалық одақтың актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына және орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінің бақылау тізімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін негізге ала отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекітеді.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына және экспортына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар, лицензия осындай растауды алғаннан кейін берілетін импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығының тексерілгендігін растауды алу қажет болатын жағдайды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Лицензия Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарларға беріледі.

4. Өздеріне қатысты осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1 - 7) тармақшаларында көрсетілген шаралар қолданылатын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ олар қолданылатын тауарлар «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру құжаттарын беру оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттарға қарағанда, тауарлардың экспортына немесе импортына неғұрлым шектейтін немесе бұрмалайтын әсер етпеуге тиіс.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:

1) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға лицензияда айқындалған көлемде лицензияланатын тауардың жекелеген түрін экспорттауға және (немесе) импорттауға құқық беретін бас лицензия;

2) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауардың жекелеген түрін экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық беретін айрықша лицензия;

3) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға нысанасы лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмілесі негізінде берілетін және белгілі бір көлемде осы тауарды экспорттауға және (немесе) импорттауға құқық беретін біржолғы лицензия.

Лицензиар тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған бас және біржолғы лицензиялар беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның немесе өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органның шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

Лицензиар тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензиялар беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және (немесе) импортына бас және айрықша лицензиялар берілмейді.

6. Бас және айрықша лицензиялар алған лицензиаттар есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін тоқсан сайын лицензиарға тиісті лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынуға міндетті.

Біржолғы лицензиялар алған лицензиаттар лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде лицензиарға лицензияның орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.

7. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

Өздеріне қатысты экспортқа және (немесе) импортқа сандық шектеулер немесе арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота немесе тарифтік квота енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.

Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органның шешімінде өзгеше ескертілмесе, тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған бас лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды, ал экспортына және (немесе) импортына сандық шектеулер немесе тарифтік квота енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.

Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі, қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі әрбір нақты жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде белгіленеді.

8. Экспортқа және импортқа арналған лицензияның (айрықша лицензиядан басқа) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі халықаралық шартта белгіленеді.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімінде көзделген жағдайларда немесе осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шараларды енгізу кезінде мемлекеттік органдар жүргізеді.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылар оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде рұқсат беру органына тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.

 

 

6-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ

 

38-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру ерекшеліктері

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Екінші санаттағы рұқсаттарды беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.

Бұл ретте тізбеде ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерден және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өтініш беруші беретін мәліметтер нысанынан алынуы мүмкін құжаттар қамтылмауға тиіс.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру қағидалары және осы Заңда рұқсат беру тәртiбi көзделген қызметтi немесе әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру қағидалары нормативтік құқықтық актілерде бекiтіледi.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

Екінші санаттағы рұқсат нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімде беріледі. Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде екінші санаттағы рұқсатты беруге не оны беруден уәжді түрде бас тартуға міндетті.

 

40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдар немесе төлемдер

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдардың немесе төлемдердің мөлшері, оларды есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

 

41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.рд.қара)

1. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2. Өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тартуды екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде береді.

3. Екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тарту жазбаша түрде, оның ішінде электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште беріледі.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату

Екінші санаттағы рұқсат нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен өз қолданысын тоқтатады.

Бұл ретте екінші санаттағы рұқсаттардан айыру (оларды қайтарып алу) осы Заңның 45-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

7-тарау. РҰҚСАТТЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) РҰҚСАТҚА ҚОСЫМШАНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ (ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ)

 

43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа көшіру

1. Қағаз нысанында берілген рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

2. Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілген болса, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші өтініші бойынша оларды электрондық форматқа көшіруге және рұқсаттың электрондық нысанын алуға құқылы.

Осы тармақтың күші тек қағаз нысанында ғана берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.

3. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері рұқсат беру органы оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтінішті алған күннен бастап жарамсыз болып есептеледі.

4. Рұқсат беру органы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «телнұсқа» деген жазуымен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын береді.

 

44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға қосымшалардағы қателерді түзету

Берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге құқылы.

Рұқсат беру органы өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізеді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны береді.

 

45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу)

1. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде өтініш жасауы рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз бола алады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейді.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Рұқсаттың жəне (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру бұзушылық (бұзушылықтар) жасауға ықпал еткен себептерді жəне (немесе) жағдайларды жою мақсатында жүзеге асырылады.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсат беру органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.

Рұқсат беру органы өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 51-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.

Өтініш берушінің бұзушылықтарды жойған фактісі расталған жағдайда, рұқсат беру органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған кезден бастап қайта басталады.

4. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдары тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасайды.

Рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) туралы мәселені қарау процесінде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші бұзушылықтың жойылған фактісін дәлелдеуге құқылы. Бұл жағдайда рұқсат беру органы осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін басшылыққа алуға тиіс.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Рұқсаттан айыру (оны қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің ерікті түрде өтініш жасауына байланысты рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру органына өтініш жасауы бойынша жүзеге асырылады.

Рұқсат беру органы осы өтініштің негізінде үш жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі міндеттемелер қайта басталады.

 

 

8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

46-бап. Хабарлама жасау тәртібі

1. Хабарламалардың толық тізбесі осы Заңға 3-қосымшада көзделеді.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де цифрлық объектілерде хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарламаларды жібереді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мәліметтер нысанын ұсыну арқылы өтініш берушілер хабарлама жасау тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруға нормативтік құқықтық актілерде қойылатын талаптарға өздерінің сәйкестігін мәлімдейді.

4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бірден кірісуге құқылы немесе оларды тоқтатуға міндетті.

Жекелеген қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарламаны жіберу мерзімдері белгіленуі мүмкін.