«Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығы (2015.31.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығы

(2015.31.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 446 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 40 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2015.27.03. № 224 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.31.03. № 287 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабының 3-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

ҚР Қаржы министрінің 2015.27.03. № 224 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.31.03. № 287 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі;

2) Осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.