Кәсіптік стандарттарды бекіті туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 404 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің геофизикалық әдістерін іздеу және барлау» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Гидрогеология және инженерлік геология» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшага сәйкес «Пайдалы қазбалар кен орындарының жерасты қазу» кәсіптік -стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар кен орындарының ашық қазу» кэсіптік стандарты;