ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
3) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды, қағаз жүзінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіде - конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе Министрлік болып табылатын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі - жұмыс органы) жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат;
ХҚО-да - конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат;
порталда - уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.06. № 245 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)