«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығына 4-қосымша) (2014.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 19 наурыздағы

№ 83 бұйрығына

4-қосымша



«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



1. Жалпы ережелер

 

1. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 146 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - шығыстарды өтеу бойынша қаражатты көрсетілетін қызметті алушының банк шотына теңгемен аудару.

 

 

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекетті) бастау үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мынадай рәсімдерден тұрады:

1-рәсім - құжаттар топтамасын қабылдау және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде өтінішті тіркеу;

2-рәсім - құжаттардың толықтығын, алдыңғы төлемнің барын және стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген шығыстарды өтеу сәйкестілігін тексеріп, күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде ОҰБ-ға келісуге жіберу;

3-рәсім - көрсетілетін қызметті алушының «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты мәртебесінің болуы туралы деректерді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде тексеру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.