ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 163 бұйрығына
2 қосымша
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы салық басқармалары ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Электронды цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) тұратын кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгішті беру, келісім, ЭЦҚ жою немесе ауыстыру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (келісім) беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етуі негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімі (іс-қимылдары):
1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды - 1 минут;
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді - 2 минут, сонымен қатар: