«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығына 3 қосымша) (күші жойылды)

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

- Қазақстан Республикасының

Қаржы министрінің

2014 жылғы 4 сәуірдегі

№ 163 бұйрығына

3 қосымша



«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Бақылау-касса машиналарының жаңа моделін (бұдан әрі - БКМ) БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді беру, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште табыс етуі негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімі (іс-қимылдары):

1) көрсетілетін қызметті берушінің іс-қағаздарды жүргізуге жауапты қызметкері:

көрсетілетін қызметті алушы табыс еткен құжаттарды қабылдайды, тексереді, бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі - БЭҚАЖ) тіркейді - 5 минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.