«Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығы (2015.15.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығы

(2015.15.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2015.15.10. № 522 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржы министрінің 2015.15.10. № 522 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары;

ҚР Қаржы министрінің 2015.15.10. № 522 бұйрығымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. «Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 643 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5519 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2009 жылғы 7 наурызда № 65 (25809) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу әдiснамасы департаментi (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.