«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № А-4/135 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы № А-11/351 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашада «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
«Аршалы ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұнды реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:
«
| 44 | Георгиевская бөгеті | 10 |
»;
«Барлығы: 43» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 44» сөзімен және цифрларымен ауыстырылсын;
«12966,2» цифрлары «12976,2» цифрларымен ауыстырылсын;
«Атбасар ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұнды реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын:
«
| 27 | Мариновский әуіті | 140 |
»;