(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2) салық қызметі органының атауы;

3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;

4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;

6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.

7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.

8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.

9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.

 

 

81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ  ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

 

560-бап. Жалпы ережелер

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.

2. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы - салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

3. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) салық төлеушіні:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде;

қосылған құн салығы бойынша;

электрондық салық төлеуші ретінде;

қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;

салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша;

жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері - азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері - салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi - құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлiмшенi есептiк тiркеу туралы анықтамада көрсетiлетін оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жерi;

4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері - салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері, - директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.

Бұл ретте осы Кодекстің 204-бабына сәйкес салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайтын Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын орны болып танылады.

 

 

§ 1. Салық төлеуші ретінде тіркеу

 

561-бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық  бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізу

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы Кодекстің 562-бабының 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.

2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мыналар туралы:

1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлға - орналасқан жері бойынша;

3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.

Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (өткізген) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;

6) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігі - дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктің орналасқан жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес - тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, келу) орны бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын резидент емес - сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын резидент емес - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша;

8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер - резидент банктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық қызметі органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді салық органы осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша уәкілетті органнан резидент еместің осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік орган салық қызметі органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейін береді. Он алты жасқа толмаған тұлғаларда салық міндеттемесі туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер салық қызметі органдарына салық органының сұрау салуы бойынша беріледі.

 

562-бап. Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу ерекшелігі

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға осы Кодекстің 191-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:

1) құрылтай;

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;

3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:

1) құрылтай құжаттарының;

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттардың;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ол бар болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының;

4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтініш берген және Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстің 39-1-бабында белгіленген тәртіппен осындай заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.

Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 563-бабында белгіленген тәртіппен өзгертуге жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:

1) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

2) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;

3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 1 және 5-тармақтарына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, мұндай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 191-бабы 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, келген) жері бойынша салық органына мынадай:

1) резидент еместің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың), бар болған жағдайда;

2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

3) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;

4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын), резидент еместе бар болған жағдайда, көрсете, резидент еместі ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша салық органына мынадай:

1) бірлескен қызмет туралы шарттың;

2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;

4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

4. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай резидент емес банк орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

2) ондай нөмір бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін немесе (оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын;

3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжатттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-2. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығы немесе жер салығы салынатын объектiсi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай:

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

2) мұндай нөмірі бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент емес Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін резидент еместің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тіркей отырып, осындай резидент емес табыс еткен тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген резидент емес салық төлеуші ретінде тіркелу үшін эмитент заңды тұлғаның немесе осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)